Шымкентте шетелдіктерге арналған хостел ашылды

348
Шымкент. Хостел

Шымкентте шағын қонақ үй ашылды. Оны ұйымдастырушылар хостелдерге деген сұраныстың күн санап артып отырғанын айтады.

Шымкент. Хостел

Қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдерден 30-дан астам турист Оңтүстіктің тарихи орындарын аралауға қызығушылық танытып отыр. Олар – Германия, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінің азаматтары. Жастары 40 пен 65-тің арасында.

Саяхатшылардың мақсаты – Қазақстанмен жақын танысу. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өңірінің таулы аймақтарымен, ұлттық қорықтар және тарихи орындарымен етене танысып, мәдениетін тереңірек білуге құмар. Туристерге қызмет көрсету үшін мұндай хостелдер ауадай қажет дейді идея авторы Медеу Ділдабаев. Пилоттық жобаны облыстық кәсіпкерлік және туризмді дамыту басқармасы қолдап отыр.