Қоғамдық қабылдауға келгендер полицейлерге наразы

156

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының мүшелері кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолы азаматтар заңсыздыққа жол берген ішкі істер органы қызметкерлеріне шағымдана келіпті.

"Нұр Отан" партиясы

Тұрғындардың бірі құқық қорғау өкілдері қызметін асыра пайдаланып отыр дегенді алға тартса, енді бірі сала мамандарының немқұрайлығына наразы. Шағымданушылардың, әсіресе, шымкенттік және мақтааралдық тәртіп сақшыларына деген өкпесі қара қазандай. Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясы инспекторларының әрекеттері де азаматтарды әуре-сарсаң етіпті.

Қоғамдық қабылдауда кілең тјртіп сақшыларына кінә арта келген тұрғындар тыңдалды. Ал партия өкілдері өздеріне сенім білдірген қалың қауымның арызы бойынша тиісті шаралар көретініне уәде етті.