Әскерге шақыру басталды

551
Әскерге шақыру

Облысымызда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Мыңға жуық жас азамат медициналық тексеруден өтіп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ.

Әскерге шақыруӘскерге шақырылғандардың денсаулығына, білім деңгейі мен моральдық-психикалық тұрақтылығына қатысты тиісті талаптар қойылған. Осы тексерулерден өтіп, жарамды деген құжатқа қол қойылғаннан кейін бозбала әскер қатарына алынады.

Бұл науқан өңірімізде 31 қазанға дейін жалғаспақ. Ал сарбаз болудан қашқан жасөспірім 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда, бүгінге дейін мұндай жағдай біздің өңірде тіркелмепті.