Шымкентте нан қымбаттады

255
Нан

Оңтүстік Қазақстанда нан бағасы 3 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін дүкендерде 37 теңгеден сатылған бөлке қазір 40 теңгеден сатылып жатыр.

Нан

Ас атасының қымбаттауын шенеуніктер бидайды сатып алу үшін бөлінетін мемлекеттік субсидияның еселеп азайғанымен түсіндіреді.

Өзге аймақтар нан құнын 65 теңгеге дейін шарықтатқанда Оңтүстік бөлке бағасын 35 теңгеден ұстап тұрды деген мамандар бұл баға өсіміне амалсыздан барғанын айтуда.