Бәйдібек ауданына көгілдір газ жетті

311
Газ станциясы

Бәйдібек ауданының халқына көгілдір газ берілді. Шаян кентінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді құбырынан тартылатын газ тарату станциясы іске қосылды. Ауданның 55 елдімекені табиғи отынды осы құбырдан алатын болады.

Газ станциясы

Жалпы ұзындығы 32 шақырым құбырдың құрылысы қыркүйек айында басталған. 2016 жылы аяқталады деп күтілуде. Ал қазір жыл соңына дейін 55 елдімекенді табиғи отынмен қамту жоспарда бар.

Мамандар шалғай елдімекендерді газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде деп сендіреді. Айта кетейік, жыл соңына дейін облыста тағы 20 ауыл табиғи отынмен қамтылады. Ал келер жылы 56 елдімекенге көгілдір газ жеткізу жоспарда тұр.