Оқушылар шалыс басуда

254
Ұсталған бозбала

Шымкенттік шәкірттер тағы да шу шығарды. Бұл жолы мектеп оқушысы мен арнаулы орта оқу орнының студенті қылмыс жасаған. №34 мектеп шәкірті Шымкенттегі көлік, комуникациялар және жаңа технологиялар колледжінің тыңдаушысымен бірлесіп, өз құрдасын тонаған.

Ұсталған бозбала

Бұл ққиға түн ортасында Арғынбеков көшісінің бойында болған. Жәбірленуші жасөспірімнің айтуынша, өзін 4 жігіт тонап кетіпті. Бағалы заттардан қолындағы сағаты мен айфон телефонын тартып алған. Жәбірленушінің әкесі тәртіп сақшыларына хабар беріп, өзі ұрыларды ұстауға кірісіпті. Жұрттың көмегімен төртеудің екеуі ғана ұсталды.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ұсталғандарды көлікке отырғызып, дереу сұрау салуға кірісті. СОл кезде ұсталған жеткіншектердің бірі № 34 мектепте, ал бірі колледже оқитыны анықталды.

Оқиға желісімен түсіру тобымыз мектепке бас сұқты. Ондағы психолог өз оқушысының тәртібіне сын жоқ екенін айтып ақталды. Ол егер түсіп қалмаса, телефонды біреуден ұрып алатын бала емес дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Gumh4BkCG10[/youtube]

Қазір №34 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр екен. Оқушылар №127 білім ошағына қатынап, сабақ оқуға мәжбүр. Осы күнге дейін ұстаздар екі мектеп оқушылары жаға ұстасып қалмас үшін қадағалауды күшейтіпті.

Айта кету керек, ұсталған бозбаланың анасы да осы мектептің мұғалімі екен. Шәкірті осындай әрекетке барғанына мұндағы мұғалімдер сенбейді. Ал оның қылмысқа қатысы бар-жоғын тергеушілер анықтамақ. Сол күні оның қасында болғандар міндетті түрде құрықталады дейді тәртіп сақшылары.

Ернар Балабеков