Шымкент әкімдігі: «Қалада үш ауысымды мектеп болмауы тиіс»

302
Қала әкімдігі

Қала әкімдігінің мәжіліс залында Шымкенттің 2020 жылға арналған даму тұжырымдамасындағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласына байланысты кеңейтілген жиын өтті. Әуелі білім саласы бойынша қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова баяндама жасап, қазігі таңда қалада шешімін табуды қажет ететін мектеп жетіспеушілігі мәселесін айта келе үш ауысымда мектептердің жәй-күйіне тоқталды.

Қала әкімдігі

Бүгінгі таңда қалада оқушылары үш ауысымда оқитын мектеп болса, жылдағы бала өсімін ескере отырып жыл сайын Шымкентте 800 балаға арналған мектептер салынуы қажет дейді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар қалада 65 737 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Оның ішінде 3-6 жастағы 27 852 бала бар. 2016-2018 жылдар аралығында 12 мектепті қайта құру, 11 жаңа мектеп пен 7 балабақша салу жоспарланған.

Қала әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай оқушылар арасындағы құқық бұзушылық, мектеп директорларын тағайындауда ашықтықтың төмендігіне тоқталып, шаһар басшысының осы түйткілдерді шешуге белсене кірісіп, білім ұяларында оқушылармен кездесулер өткізіп жатқанын, әрі директор тағайындауды жалпы конкурстық деңгейде өткізуді жолға қойғандығын тілге тиек етті.

Қайрат Ырзақұлұлы мектепішілік электронды бақылау туралы айта келе бұл жасөспірімнің оқу үлгерімін, білім деңгейін, сабаққа қатысуын электронды бақылап, ата-ана мен ұстаздар қауымына жеңілдік тудырып жатқанын мәлімдеді.

Шаһардың алдағы 5 жылдық даму тұжырымдамасындағы басым бағыттар сөз болған жиында қала мәдениетін қалыптасыру үшін істелініп жатқан ауқымды жобалардың таныстырылымы өтті. «Шымкенттің елдегі үшінші шаһарға айналуы үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде әкімшілік құрылымдарына сұрақ қойған жұртшылылық өз көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап ала білді.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі