Жарылғыш зат жайлы жалған хабар берген азамат іздестірілуде

318
Антитеррорлық операция

Шымкентте үйге бомба қойылғаны жайлы жалған хабар беріп, елді дүрліктірген азаматқа іздеу жарияланды. Бұған қоса ол өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырыпты.

Антитеррорлық операцияЕске сала кетейік, тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны жайлы суыт хабар Шымкентте 30 қазан күні тарады. Осыған байланысты Мангельдин көшесіндегі №36 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Дегенмен, жарылғыш зат жайлы хабар жалған болып шықты.

Осы жалған хабарды таратқан адамдардың жеке бастары алғашқы күні-ақ анықталды. Олар сол №36 үйдегі пәтердің бірінің тұрғындары болып шықты.

Дегенмен, тұрғындардың айтуынша, олардың құтын қашырған хабарды белгісіз азамат айтыпты. Ол көрші пәтердің бірінің есігін қағып, өзін «Су арнасы» мекемесінің қызметкерімін деп таныстырады. Су өлшеуіш құралды тексеремін деп, ішке кіріпті.

Бірақ, содан кейін барлық бөлмелерді аралай бастаған.Оның себебін сұраған үй иелеріне өзін негізінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп жауап беріп, осы үйде жасырылған минаны іздеп жүргенін айтқан. Белгісіз азамат кеткен соң мазасызданған үй иелері полицияға қоңырау шалған.