Депутаттар облыс және қала бюджетін қабылдады

336
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен (оның ішінде 61 569,6 млн. т.г. - ағымдағы нысаналы трансферттер, 40 951,4 млн. т.г. - даму трансферттері, 2 801,0 млн. т.г.- бюджеттік кредиттер) жалпы 105 322,0 млн. т.г. ұлғаюда

Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті 269 млрд теңге көлемінде бекіді. Бұл қаржы алдағы уақытта республикадан бөлінетін трансферттер есебінен ұлғаюы әбден мүмкін. Қысқару қажеттілігі туындағанда ол тек субвенциялар есебінен іске асады.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев Елбасы жолдауы бойынша өткізген брифингте осылай нақтылады. Қаржының негізгі бөлігі өңір халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жұмсалады.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен (оның ішінде 61 569,6 млн. т.г. - ағымдағы нысаналы трансферттер, 40 951,4 млн. т.г. - даму трансферттері, 2 801,0 млн. т.г.- бюджеттік кредиттер) жалпы 105 322,0 млн. т.г. ұлғаюда

Мәселен, 2016 жылы облыста 45 білім беру, 9 денсаулық сақтау нысаны салынады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге инфрақұрылыммен қамту да жүйеленіп, 13 ауылдың тұрғындарына ауызсу беріледі, 48 елдімекенге көгілдір отын қосылады.

Ал жаңа жылдан бастап азаматтық қызметшілерінің жалақысын жаңа үлгіде көтеру үшін республикалық бюджет есебінен 45 миллиард теңгеге жуық ақша бөлу қарастырылып отыр.

Осы тұста айта кету керек, Шымкенттің 2016 жылға арналған бюджеті бекітілді. Қалалық мәслихаттың кезекті 54-сесиясына жиналған депуттар 69 млрд теңгенің 2016 жылы жұмсалу жолдарын талқылады. Халық қалаулылары қаржының басым бөлігін инженерлік инфрақұрылым тарту мен жол төсеуге жұмсауды жөн санады. Бірқатар нысандарға жобалық-сметалық құжат дайындауға ұсыныс берді.

Қала бюджетінің кіріс бөлігі – 44 млрд 256 млн теңге, ал 25 млрд теңге – облыстан бөлінген трансферт. Енді республикадан бөлінетін трансферт күтілуде. Қорытындысында 2016 жылдың бюджеті жылдағыдан қомақты болмақ. Қаражаттың басым бөлігі білім саласына бөлінді. Сондай-ақ, депутатар қаржыны халықтың әлеуетін арттыруға жұмсауды жоспарлады.

Қала көлемінің ұлғайуы мен 40 елдімекеннің қосылуына байланысты шаһар тұрғындарының саны артқан. Сол себепті даму бағдармаласына өзгерістер енгізу қажет.

Бұған дейін тұрақты комиссияның отырысында 2016 жылдың бюджетін егжей-тегжей талқылаған депутаттар бірқатар ұсыныстарын енгізе отырып, бюджетті бірауыздан мақұлдады. Ал бұл жолы қаржы қаралмай қалған бірқатар бағдарламалар бюджетті нақтылау кезінде шешімін табатын болады.

Нұрлан Жаңабай