Мемлекеттік баспана кімге беріледі

572
Баспана

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ бағыты бойынша кімдер үй ала алады? «ҚИК» бағыты бойынша құжаттар 2015 жылдың 21-24 желтоқсаны аралығында қабылданады. Бұл жөнінде түсініктемені Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолуашылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Гүлнәр Әшірбаева беріп отыр.

Бағдарламаның «ҚИҚ» ИҰ» АҚ тұрғын үйі бағыты бойынша жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, төменде көрсетілген тұлғалар санатына жататын тұрғындар қатыса алады:

  • көп балалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар;
  • мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар:
  • жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар:
  • оралмандар;
  • мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру шағын топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-ші шағын топ – жергілікті атқарушы органда аталған санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, баласы бар және ерлі-зайыбтылардың екеуініңде жасы 35 жасқа толмаған жас отбасылар (бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде);

2-ші шағын топ – 1-топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар.

Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар бағдарламаның аталған бағытының шеңберінде тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынып тасталады. Бағдарлама аясында бағдарламаның барлық бағыттары және еліміздің барлық өңірлері бойынша біреуден аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

Негізгі талаптар:

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінен тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау;

3) Адам басына пайдалы алаңның көлемі кемінде 15 шаршы метр немесе 18 шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде 1 бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар бағдарламаға қатысуға жіберілмейді;

4) Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) сондай-ақ, отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу шарттары

Тиісті табыс деңгейі болған кезде бағдарлама қатысушысына баспана «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша сатып алу құқығымен жалға алуға өткізіледі.

Талаптарды орындау мақсатында өтініш берушілер «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі талаптарына сәйкес, тиісті табысты (төлем қабілеттілігін бағалау) растайды.

Бағдарлама аясында бағдарламаға қатысушының жалға алынған тұрғын үйді қосымша жалға беруіне, жалға алушылардың жалға беру келісім-шартын қайта табыстау жолмен сыйлыққа беруіне немесе айырбастауына тыйым салынады.

Бөлінетін тұрғын үй нормалары

«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын қатысушылар арасында жалға берілетін тұрғын үйі мынадай мөлшерде бөлінеді;

1-шағын топ қатысушылары үшін – 50 пайыз

2-шағын топ қатысушылары үшін – 50 пайыз

Бұл ретте үй жоғарыдағы санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар арасында есепке алудың жеке тізімдеріне сәйкес тең мөлшерде бөлінеді.

Шағын топтардың бірінен тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, пәтер үміткерлер арасында осы қосымша белгіленген тәртіппен басқа шағын топ үміткерлері арасында бөлінеді немесе өтініштерді қайта қабылдауға болады. Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнің келесі өтініш берушілерінен іріктеу жүргізіледі.

«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын үйлерді өткізу рәсімдері

«ҚИК» ИҰ» АҚ-ы – 

Бағдарламаға қатысушылармен (жалға алушылармен) жалдау шартын жасайды;

Тұрғын үйді жалға береді;

Ай сайынғы жалдау төлемдерін қабылдауды және оларға мониторингті жүзеге асырады;

Жалға алушы сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді оның меншігіне береді;

ҚР заңнамасына, «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттары мен жалдау шартына сәйкем өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушылар – 

Әлеуетті жалға алушылар тізіміне енгізілген кезде «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен тиісті жалдау шарттарын жасасады;

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жөніндегі уәкілетті органда жалдау шартын міндетті мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді;

Тұрғын үй жалға алады;

Ай сайынғы жалдау төлемін, мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде мүлік салығын, жер салығын, коммуналдық және басқа пайдалану шығыстарын төлеуді жүзеге асырады;

«ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарына және жалдау шартына сәйкес өзгеде міндеттемелерді орындайды.

Қажетті құжаттар тізімі

Бағдарламаның «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша жарнама берілгеннен кейін жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, төменде көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда

көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
оралмандар;
мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;
3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елдімекенде тұратынын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы туралы мекенжай анықтамасы;
5) өтініш берушінің жоғарыда көрсетілген тұлғалар санаттарының жұмыс орнынан анықтамасы;
6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;
7) бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;
8) өтініш иесінің табыстар алғаның растайтын анықтама.

Өтініш пен құжаттарды Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолуашылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторы кеңсесіне тапсыру қажет. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 18, 3-қабат, 312 кабинет.

Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолуашылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторы