Сыйлыққа — ерекше тиын! Түркістан қаласының тұрғыны естелік тиындар жасап жатыр. Оның жасалуымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барған кез келген жан таныса алады.
Қонақтарға қолайлы тартуды жергілікті тұрғын Талғат Жаңбыршиев жасайды. Ол шетелге шыққан бір сапарында монета үйлестіруді үйреніп келіпті. Сыйлықтардың бағасы да қол жетімді.
Тиындарға Түркістан мен Арыстан баб кесенесі, Яссауи және Абылайханның мөрі басылған. Шебер алюминийден құйылған тиынды — 500, ал мыстан жасалғанын 1000 теңгеден сатуда.
Асқар Сәтпаев