Жаңа жылдың мерекелік бағдарламасы

609
Шырша

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі өңіріміздегі мәдениет және өнер мекемелерінде мереке күндері өтетін іс-шаралар тізбесін жариялайды.

24, 25 желтоқсан, 19:00 – «Жаңа жылдық шоу-концерт», Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония;

24, 25 желтоқсан, 19:00 – П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінің премьерасы, облыстық опера және балет театры;

26 желтоқсан, 12:00 – жаңа жылдық бағдарлама, облыстық опера және балет театры;

25 желтоқсан, 19:00 – әнші Айқын Төлепбергеннің мерекелік ән кеші, «Түркістан» сарайы;

25-30 желтоқсан – «Жаңа жыл оқиғалары» атты театрландырылған шоу, облыстық өзбек драма театры;

25-30 желтоқсан, 10:00, 13:00, 15:00-де және 2-3 қаңтар, 10:00, 13:00, 15:00 – жаңа жылдық таңертеңгілік «Новогодний карнавал в Африке» және Вильгельм Гауфтың «Карлик нос» ертегісі, облыстық орыс драма театры;

7-9 қаңтар, 19:00 – «Рождественские встречи», облыстық орыс драма театры;

25-30 желтоқсан, 11:00 мен 3, 9-10, 13 қаңтар, 12.00- де – «Ертегілер елінде» цирк қойылымы, «Оңтүстік-Цирк» ғимараты;

25-31 желтоқсан күндері 10:00, 12:30, 15:00-де облыстық әзіл-сықақ және сатира театры М.Айтжановтың «Жыл иесі ақ мешіннің әлегі» қойылымымен қала мектептерін аралайды;

27, 30-31 желтоқсан, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 5-6 қаңтар, 14:30 – М.Малдыбаеваның «Жаңа жыл кешінде» қойылымы, облыстық қуыршақ театры;

30-31 желтоқсан, 12:00, 14:00, 16:00, 5-6 қаңтар, 12:30 – А.Малюченконың «Новогодний переполох» қойылымы;

28 желтоқсан, 11:00, 13:00 – Шымкент қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы, «Балалар мен жасөспірімдер орталығы»;

28, 29 желтоқсан, 19:00 – «Алдараспан» театрының мерекелік бағдарламасы, «Түркістан» сарайы;

29 желтоқсан, 17:00, 2 қаңтар, 14:00, 4 қаңтар, 15:00 – Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасының премьерасы, облыстық өзбек драма театры;

30 желтоқсан, 11:00 – жаңа жылдық қойылым, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры;

31 желтоқсан, 11:00-13:00, 18:00-00:00 – Шымкент қаласының жаңа жылдық бағдарламасы, Әл Фараби алаңы;

24-30 желтоқсан, 10:00, 11:00 – Н.Мараимның «Жаңа жылдық хикая» ертегісі, Түркістан қаласының сазды-драма театры;

26, 28-29 желтоқсан, 11:00, 12:30 – «Жаңа жылдық шырша» театрландырылған бағдарламасы, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры.