Кентаулық кәсіпкер тегін нан таратты

408
Кентауда тегін нан таратылды

Кентау қаласының тұрғыны халыққа тегін нан таратты. Осы игі іске жеке кәсіпкер Асқарбек Асылбеков мұрындық болып жүр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентаудағы Жауғашты кафесі

Жуырда ғана қаланың ортасынан ашылған дүкен иесі сауапты іске кенелуде. Жағдайы төмен отбасыларға күніне екі наннан тегін таратып, алғысқа бөленуде.

Кентауда тегін нан таратылды

Асқарбек Асылбеков
Асқарбек Асылбеков

 

Жомарт азамат сонымен қатар жаңа жыл мерекесіне орай әлеуметтік жағдай төмен отбасыларға тәтті тағамдардын сыйлықтар үлестіріп, тұрғындарды марқайтты.

Мұндай жомарттық ісін әдетке айналдыруды көздеп отырған азамат «Алла қуат беріп отырса, мен бұл ісімді тоқтатпаймын» деп отыр. Осылайша күніне 20-ға жуық отбасы тегін нан алып, қуанышқа бөленуде.