Шымкенттегі «Қазақстан» кинотеатрынан өрт шықты

303

Шымкентте бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрының ғимараты өртенді. Төтенше жағдай 10 қаңтар күні түс ауа болған.

"Қазақстан" кинотеатры өртенді

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жетекшісі Ербол Байқонақовтың айтуынша, өрт жайлы суыт хабарды 101 кезекші операторына бұрынғы кинотеатрдың жанындағы «Жастар орталығы» мекемесінің күзетшісі хабарлапты. Қазіргі таңда бос тұрған ғимаратқа сол күзетші қарайлап жүрген.

Ербол Байқонақов
Ербол Байқонақов

Ербол Байқонақов бұл ғимаратта электр жарығы жоқ деп мәлімдеді. 2016 жылы мемлекеттік конкурс өткізілген соң ғимаратты жөндеуге және қалпына келтіруге қаржы бөлінеді деп күтілуде. Тек содан кейін ғана мұнда Оңтүстік Қазақстан облысының этно-мәдени орталықтары қоныстанбақ.

"Қазақстан" кинотеатры өртенді

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, кинозалда қойылған орындықтар өртеніп, жалын бос ғимаратқа жайылған. Енді өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары ұшқынның неден шыққанын тексеріп жатыр.

"Қазақстан" кинотеатры өртенді

Тілсіз жаумен күреске 14 арнайы техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылып, қызыл жалын толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Қазақстан" кинотеатры өртенді