Жаңбырдан жолдар ойылды

224
Жол ойылуда

Шымкентте толассыз жауған жауын көлік жүргізушілерін әбден әбігерге салды. Суға лық толған шұңқырларды байқамағандар көліктерін ұрып алуда.

Жол апаты

Солай зардап шеккен қала тұрғындарының бірі Сәуле Нұржанова редакциямызға арнайы шағымданып, көлігінің коммуналдық қызметшілердің сапасыз жапқан шұңқырына түсіп кеткенін айтты.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, жолды қалай болса солай жамаған жұмысшылардың салғырттығынан темір тұлпары бұзылып қалыпты.

Жол ойылуда

Мұндай жағдай қаланың бірнеше көшесінде орын алды. Плиткалармен жабылған шұңқырлар жүріп-тұруды қиындатқан. Жауын суы отырғызып, тесік тереңдер кеткен.