Úı Jańalyqtar Шымкенттің қақ ортасында ер кісі кенет қайтыс болды

Шымкенттің қақ ортасында ер кісі кенет қайтыс болды

Қайтыс болды

Шымкенттің қақ ортасында қайғылы жағдай болды. Ордабасы алаңы жақта ер кісі көшеде құлап қалған.

Оқиға күндізгі сағат 4 шамасында болды. Осында кетіп бара жатқан кісі кенет өзін нашар сезініп, құлап қалған. Куәлер тез арада жедел жәрдем қызметіне хабар берген.

Қайтыс болды

Дәрігерлер бригадасы 7 минут ішінде келген. Өкінішке орай, ер кісінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол жүрек талмасынан қайтыс болуы мүмкін.

Әзірге анық болғаны — марқұм 1947 жылы туылған. Шымкент қаласының тұрғыны.