Заңсыз құрылыс азаяр емес

301
Заңсыз құрылыс

Шымкентте 282 заңсыз құрылыс нысаны бар. Олардың қожайындары құрылысты рұқсат беру құжаттарынсыз жүргізгені анықталып отыр. Рейдттік шаралар барысында осының барлығы нақтыланды.

Заңсыз құрылысҚала әкімдігі мен ішкі істер органының қызметкерлері, мемлекеттік құрылысты бақылау департаментінің мамандары бірлесіп, заңсыз құрылыспен күресті күшейтпек.

Рейд кезінде бір ғана Бәйдібек би көшесіндегі 8 бірдей құрылыстың заңсыз екені анықталды. Қожайындары техникалық қызмет көрсету орталықтары мен кафе, көлік жуу орындарын салмақ болған. Енді олар әкімшілік шараларға тартылады.