Облыс бюджеті нақтыланды

229
Депутаттар
Депутаттар

Бүгін облыстық мәслихаттың ауыл-аймақтарының дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Депутаттар 2016-2018 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылады. 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі жалпы 2 млрд 701 млн теңгеге ұлғаюда.

Депутаттар

Қомақты қаржы былтыр республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару, жылдың басында пайда болған бюджеттің бос қалдықтарын бағыттау, бюджеттік кредиттерді өтеуден құралған.

888 млн теңге жаңадан құрылған басқармаларға бағытталатын болып шешілді. Қалған қаржының басым бөлігі Шымкенттегі 5 тұрғын үйдің құрылысына, әкімшілік іскерлік орталығына инфроқұрылым тартуға, білім, әлеуметтік, денсаулық саласына бағытталуда.