«Ордабасы» клубының бас бапкері екі ойыннан шеттетілді

275

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жазады.

"Ордабасы" клубының бас бапкері екі ойыннан шеттетілді

Шымкенттің команданың бас жаттықтырушысы Бахтияр Байсейтов Қазақстан премьер-лигасының екі ойнынан шеттетілді. Бұған қоса бас бапкер жалпы сомасы 650 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Ал футбол клубының өзі ірі көлемдегі айыппұл төлейді. Бұған себеп, Шымкентте өткен «Ордабасы» – «Астана» командаларының кездесуінде бас бапкердің ойын кезінде алаңға шығып кетуі болып отыр.

Мұндай шешімді бақылау-тәртіп комитетінің мүшелері 30 наурыз күнгі отырыста қабылдады.