Шымкент тұрғындары жылуды өшіруді сұранады

352

Шымкеттегі көп қабатты үй тұрғындары жылу маусымын ерте аяқтауды сұранады. Айтуларынша, күннің күрт жылынуынан үйлері ысып, тыныстар тарылған. Ауа температурасының 20 градусқа дейін жылынуы арнайы белгіленген кестені бұза ала ма?

жылу маусымыПәтеріміз шамадан тыс ысып, тынысымыз тарылды деген өтінішпен қала әкімдігінің диспетчерлік бөліміне хабарласатындар да көп. Ауа райының күрт ысуына байланысты көп қабатты үйлердегі жылуды сөндіруді сұранғандар күн санап артып келеді. Дегенмен, алдамшы күн райына сенбейтіндері де көп.

№3 жылу-энерго орталығы мамандарының мәлімдеуінше, жылу сыртағы ауа температурасына байланысты беріледі. Бекітілген арнайы кестелері де бар. Желтоқсан айында жылудың температурасы 80 градустын да жоғары болған, ал қазіргі таңда барынша төмендетілгенін айтып отыр.

Санитарлық нормаға байланысты шаһардағы жылыту маусымы сәуір айының 15-жұлдызына дейін жалғасуы тиіс. Алайда тұрғындардың өтініші мен ауа райының күрт ысуынан кейін қала басшылығы маусымды ертерек аяқтауды да жоспарлаған. Тек ауа райы кенетен салқындаса, қазандықты қайта қосу қиын екенін жасырмайды.

Ұзақ мерзімге болжау жасай алмайтын синоптиктер де, жақын арада күн суытпайтынан растады. Ендеше, жылу маусымын аяқтау әкімнің шешіміне байланысты болады. Шаһар басшысы арнайы қаулы шығарғанша, көп қабатты үйлердегі жылу өшпейді.

Нұрлан Жаңабай