Әкімдік қызметкерлері велосипедпен рейдке шықты

182
Әкімдік қызметкерлері велосипедпен рейдке шықты

Шымкеттегі Әл Фараби ауданы аумағындағы ретсіз сауда мен жарнамаларды жою жұмыстары енді велосипедтің көмегімен жүзеге асады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әкімдік қызметкерлері велосипедпен рейдке шықты

Заңсыз сауда орындарының иелеріне жүйелі түрде ескертулер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әкімдік қызметкерлері велосипедке отырып, рейдтік шара ұйымдастырды. Кезекті тексеру кезінде аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов велокомиссияны өзі бастап, Қазыбек би көшесінің бойында жарнама тақтайшаларын бей-берекет орналастырған дүңгіршек иелеріне ескерту жасады.

Әкімдік қызметкерлері велосипедпен рейдке шықты

Айта кету керек, биыл Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес 403 хаттама толтырылды. Заңды бұзған 24 тұлғаға 318 150 теңге көлемінде айыппұл салынып, 143 168 теңге өндірілді. Ал 505-бап бойынша 217 хаттама толтырылып, 3-не 127 260 теңге көлемінде айыппұл салынып, 84 840 теңге өндірілді.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады дейді әкімдік өкілдері. Қазіргі таңда кәсіпкер азаматтардың демеушілігі есебінен аудан әкімдігіне 4 дана велосипед сыйға беріліп отыр. Алдағы уақытта қала экологиясының тазалығына оң әсер ететін бұл жоба басқа аудан әкімдіктерінен қолдау табады деп күтілуде.