Шымкенттіктер жылуға 994 млн теңге қарыз

134
Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Жылу беру маусымын әдеттегіден ерте аяқтаған мамандар есеп берді. «№3 Энергоорталық» 151 күн бойы шымкентіктерді тоңдырған жоқ дейді қала басшылығы. Осы аралықта жылу жүйелерінде екі рет апатты жағдай орын алып, дер кезінде қалпына келтірілген.

Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Бір өкініштісі, жылу алған жерлестеріміз төлемақыны өтеуге асығар емес. Нәтижесінде «Қуат жылу орталығының» «№3 энергоорталық» алдындағы берешегі 994 миллион теңгеге жетіпті. Ал жылу беру орталығы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 1 миллард 395 миллион теңге қарыз.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тиісті мекеме басшыларын қарызды өтеу кестесін құруға және төлемнен бас тартқан тұтынушылардың тізімін жасап, сотқа беруге тапсырма берді.