Соғыс ардагері Абдулла Сейдановтың аты көшеге қойылды

716
Соғыс ардагері Абдулла Сейдановтың аты көшеге қойылды

Ер есімі – ел есінде. Шымкентте ұлы Отан соғысы ардагерлерінің атындағы көшелер саны артуда. 2015 жылы қабылданған қаулы бойынша бір көшенің аты Абдулла Сейдановтың құрметіне берілді.

Соғыс ардагері Абдулла Сейдановтың аты көшеге қойылды

Қарт майдангер 1937-1939 жылдары №32 атқыштар дивизиясында жауынгерлік сапта болып, «Ерен ерлігі үшін» орденімен марапатталған. Кеңес үкіметі кезінде ішкі істер бөлімінің үздік қызметкері атанған.

Соғыс ардагері Абдулла Сейдановтың аты көшеге қойылды

Полковник атындағы көшенің ашылуына қала билігінен бастап, зиялы қауым өкілдері мен майдангер достары қатысты. Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен жауынгерге арналып, ескерткіш тақта орнатылды. Жеңістің 71 жылдығына орай қолға алынған игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Яғни, ардагерлер атындағы көше саны артады деп күтілуде.