Шәуілдірдегі бүлдіршіндерді арнайы көлік тасымалдайды

565
Шәуілдірдегі бүлдіршіндерді арнайы көлік тасымалдайды

Шәуілдірдегі балабақшаға жеке көлік бөлінді. Енді мұндағы сәбилерді арнайы көлік таситын болады. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауылындағы «Ақбол» балабақшасында болып, бөбекжай ұжымына «Газель» автокөлігін тапсырды. Бұл балабақша 2009 жылдың 1 қазанында ашылып, пайдалануға берілген болатын. Мұндағы ғимарат 280 орынға арналған.

Шәуілдірдегі бүлдіршіндерді арнайы көлік тасымалдайды

Ал қазіргі таңда 250 бүлдіршін тәлім алуда. Барлығы 11 топ жұмыс атқарады. Бөбекжайда балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған барлық жағдай жасалған. Дегенмен, бұған дейін аудан орталығының шегінде орналасқан балабақшаға бүлдіршіндерді жеткізу мәселесі көптің көкейінде жүрген еді. Ендігі кезекте ата-аналардың көптен күткен тілектері орындалып, балапандар таңертеңгісі мен кешкісінде арнайы көлікпен жүретін болды.

Шәуілдірдегі бүлдіршіндерді арнайы көлік тасымалдайды

Балабақша меңгерушісіне автокөлік кілтін тапсырған аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі бала туу көрсеткішінің жоғарылағанын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдағанын айтты.

Шәуілдірдегі бүлдіршіндерді арнайы көлік тасымалдайды

Аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сатыбалды Жаңабай және ата-аналар өскелең ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу, оларға қажетті жағдай жасап отырған билікке алғыс білдірді.

Шәуілдірдегі бүлдіршіндерді арнайы көлік тасымалдайды