Шымкентте 12 жасар қыз жоғалып кетті

945
Шымкентте 12 жасар қыз жоғалып кетті

ОҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған 12 жастағы Балнұр Насырды іздейді. 2016 жылдың 22 мамыры күні Қаратау полиция бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келеді. Айтуынша, Нұрсәт шағынауданының тұрғыны, 2004 жылы туған қызы Насыр Балнұр Бахытжанқызы 22 мамыр күні кешкі сағат 21:00-де үйінен шығып кетіп, жоғалған.

Шымкентте 12 жасар қыз жоғалып кетті

Із-түссіз жоғалған №80 орта мектептің 5 сынып оқушысын іздеуге ОҚО ІІД криминалды полиция басқармасы, Қаратау полиция бөлімі мен өзге де басқармалардың кәсіби қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Барлық іздестіру шаралары жүргізілуде.

Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы шамамен 150-155 см, орта денелі, көзі мен шашы қара түсті.

Үстіне киген киімі: жасыл жейде, жасыл түсті шалбар, көк түсті жеңіл аяқ киім. Тәртіп сақшылары Балнұр Бахытжанқызы туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66, 102 нөмірлері бойынша немесе ішкі істер департаментіне хабар беруді сұрайды. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 13-үй.