Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

349
Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Еңбекші аудандық әкімдігі ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап, дастархан жайды. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында қарт жауынгерлерге демеушілер есебінен сый жасалды.

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Сазды ән мен толассыз қошемет мерекелі дастарханның басына жиналған ата-апаларымызға арналды. Еңбекші ауданы бойынша Ұлы Жеңістің 71-ші көктемін 29 майдангер, жеті соғыс ардагерінің жесірі, 2314 тыл ардагері қарсы алуда. Олардың ерлігі мәңгілік екенін ескерген кейінгі толқын бас иіп, құрмет көрсетті.

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеуделері орден мен медальдерге толы соғыс және тыл ардагерлерінің өмірге құштарлығын көріп, сүйсінесің. Өздерін ардақтаған жандарға алғысын айтып, ақ баталарын беруде.

Салтанатты жиынға арнайы шақырылған ардақтылар құр алақан қайтпады. Демеушілер ардагерлерге бағалы сыйлықтарын табыс етті. Ал қаладағы көлік компаниясы батырларымызды үйлеріне тегін жеткізуді мойнына алыпты. Дәстүрге арналған мерекелік шара 9 мамырда қорытындыланбақ.