Солтүстікке 16 адам аттанды

187
Солтүстікке 16 адам аттанды

«Серпін» алыс сапарға шақырады. Шымкенттен 16 адам Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Оларды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері сән-салтанатымен шығарып салды.

Солтүстікке 16 адам аттанды

Қоныс аударуға ниет білдірген топ сол аймақтағы ахуалмен танысып, жасалған жағдайды өз көзімен көріп қайтады. Төрт облыстан келген өкілдер барлық қажетімен қамтып береміз, тек еңбек етіп, елдің демографиясын көтерсе болғаны дейді. Олар бағдарламаның баянды боларын айтып ағынан жарылды.