Қалалық мәслихатта арнайы комиссия құрылды

194
Қалалық мәслихатта арнайы комиссия құрылды

Бүгін белгілі болғандай, қалалық мәслихаттың арнайы комиссиясы құрылды. Комиссия құрамында 9 депутат бар. Олар қаладағы келелі мәселелерді зерделейтін болады.

Қалалық мәслихатта арнайы комиссия құрылды

Комиссия мүшелерінің алғашқы отырысында-ақ шаһардағы қызыл сызықтың үстіне салынған құрылыстардың заңдылығы мен заңсыз сауда орындары сөз болды. Сондай-ақ, көше бойындағы көлік тұрақтары мен қоғамдық қауіпсіздік тақырыптары талқыланды.

Ал алдағы уақытта жер және білім беру мәселелері мен қалаға жаңадан қосылған елдімекен тұрғындарының әлеуметік жағдайларын тереңірек зерделемек. Комиссияның алғашқы отырысында комиссияның уақытша төрағасы болып Нұрғызы Бұхарбаев сайланды. Алдағы сенбіде комиссия құрамы мен көпшілікпен байланысатын телефон нөмірлері жарияланатын болады. Қала тұрғындары өзекті мәселелері бойынша кез келген уақытта хабарласуларына мүмкіндік алды.