Қасиетті Рамазан айында қайрымдылық акциясы жалғасын тауып жатыр. Бүгін Еңбекші аудандық әкімдігі демеушілердің көмегімен 300 отбасына азық-түлік себетін сыйлады.
Әлеуметтік себет ұн, май, шай, шекер сынды алғашқы қажетті азықпен толтырылған. Кәсіпкерлердің көмегін алған әлеуметтік аз қамтылған жанұялар алғысын білдіріп жатты. Айта өтейік, аудан бойынша 800-ге отбасы әлеуметтік көмекке зәру. Олардың әрқайсысына жылына екі рет азықпен көмек беріледі екен.