Кәсіпкерлер перзентханаға көмек қолын созды

490
Кәсіпкерлер перзентханаға көмек қолын созды

ОҚО кәсіпкерлері аурухананың материалды-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы мамыр айында өңір басшысы Шымкент қаласындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, жұмысымен танысқан болатын. Жұмыс сапары барысында Бейбіт Бәкірұлы №1 перинаталды орталықтың материалды-техникалық базасын жаңарту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтқан болатын.

Кәсіпкерлер перзентханаға көмек қолын созды

Жоғарыда айтылған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыс кәсіпкерлерімен мәжіліс өтті. Жиын барысында денсаулық сақтау нысанының проблемалары айтылып, оның шешу жолдары қарастырылды.

Кәсіпкерлер перзентханаға көмек қолын созды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Мега СМАРТ» ЖШС мен «Шымкент жиһаз фабрикасы» ЖШС, «Нұр Әлем» ЖШС, «Ембавуд» ЖШС өкілдері әлеуметтік көмек көрсетуге ниет білдірді.

Соның нәтижесінде кәсіпкерлердің есебінен №1 перинаталды орталыққа науқастар жататын бөлмелерге жеке гигиеналық және өзге де заттар қоюға арналған 120 шкаф жеткізіліп берілді.

Бұған қоса «Bai & R Group» ЖШС Шымкенттегі «Ана мен бала» медициналық орталығының ауласына 10 орындықты тегін орнатып берді.