Кешенді тест басталды

427
Кешенді тестілеу

Кешенді тестілеу

Бүгін елімізде кешенді тестілеу басталды. Білім сынағы 4 күнге жалғасады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 4 тестілеу пункті жұмыс істеуде. Биыл өңір бойынша кешенді тест тапсыруға 12 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Ал республикалық көрсеткішке тоқталсақ, биыл 78 758 адам өтініш берген. Оның ішінде мектепті биыл бітіргендер саны – 17 765. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері – 17 568.