Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

218
Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Олардың арасында елге танымал азаматтар да ауыл-аймағының мәселесін арқалай келген.

Мысалы, әкімнің жеке қабылдауға келген Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы фильм түсіріп, оның жарыққа шығуына ықпал жасауын өтінді. Сонымен қатар ақын өзінің туған жері Отырар ауданына газ тарту жұмыстарын толық қаржыландыру мәселесін аймақ басшысының өзі жіті бақылауында ұстауын өтінді.

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Бейбіт Бәкірұлы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» басшылығына ұсыныс хат жолданып, ұйымдастыру ісіне әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтты. Ал Отырар ауданын газдандыру жайын облыстық энергетика және тұрғын үй, шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым тұрақты бақылауында ұстайтын болды.

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Айта кету керек, аталған ауданда бүгінгі таңда жалпы құны 3,5 млрд теңгеден асатын газ тарату станциясы мен магистралды газ жүйесі салынуда. Ал аудан орталығы Шәуілдір ауылымен құны 100 млн теңге болатын 14 елдімекенді газдандыруға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Қоғамдық қабылдауға келген кезекті азамат облыс әкімінен жұмысқа орналасуға көмек беруін сұрады. Шымкент қаласының тұрғыны Ақайша Ерғараева өзінің мал дәрігерлік мамандығы бойынша жұмысқа орналасқысы келеді. Әкім қала тұрғынына түйіндемесін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдауды ұсынды.

Жеке қабылдауға келген азаматтың бірі – Елтай Беймағамбетов. Түркістан қаласының тұрғыны туған қаласына ерекше статус беріп, туризм орталығы ретінде дамыту жұмыстары аясында жақын арада қандай жобалардың жүзеге асатынын сұрады. Жолданған сауалға жауап берген Бейбіт Атамқұлов көне шаһарға арнайы статус беру жөнінде үкіметке ұсыныс жолданғанын жеткізіп, қаланың бас жоспары дайындалғанын айтты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістанда атқарылған жұмыстар реті тұрғындарға кеңінен таныстырылатын болды.

Осылайша облыс басшысына өзін толғандырған сауалдарымен келген аймақ тұрғындары негізінен коммуналдық, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени мәселелер бойынша арызданды. Аймақ басшысы азаматтардың өтініш, тілектеріне тиісті жауаптар беріп, жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.

priem_akima (10)

priem_akima (9)

priem_akima (7)

priem_akima (6)

priem_akima (5)

priem_akima (4)

priem_akima (3)

priem_akima (1)