Шымкентте балабақшалар жөнделуде

254
Шымкентте балабақшалар жөнделуде

Шымкентте Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген балабақшаларды жаңарту қолға алынды. Осылайша қалада бірнеше тозығы жеткен балабақша күрделі жөнделуде. Күннің ыстығына қарамастан еңбек етіп жатқан құрылыс компаниялары ғимараттарды жаңа оқу жылында пайдалануға бермек. Уақыт пен көп қаражатты талап еткен құрылысқа 500 млн теңге жұмсалады.

Шымкентте балабақшалар жөнделуде

Қырық жылдан бері жөндеу көрмеген «Айжан» балабақшасы бүгінде түбегейлі жаңартылуда. Құрылысы қарқын алған ғимараттың күннен күнге құлпыруы мекеме меңгерушісінде қуантып отыр. Алайда мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі деген уәдеге күмәнмен қарайды. Өйткені, мердігерлердің жұмысы сапалы болғанымен, беталасы баяу деп шағымдануда. Құны 215 млн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарының барысында кеткен кемшіліктері барын техникалық қадағалаушылар да байқапты.

Сырымжан Әбденқұлов, техникалық қадағалаушы: «Мердігер компанияның жұмысы жүріп жатыр, жалпы жаман емес. Дегенмен кемшіліктері де бар. Жұмысшыларды саны аз. Ғимараттың жұмысын уақтылы тапсыру үшін 130 адамдай жұмылдыруы қажет, ал мұнда тек 90-ға жуығы ғана еңбек етіп жүр. Осы бойынша да хаттама толтырылып, қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында реттеледі деп сенемін.»

Шымкентте балабақшалар жөнделуде

«Еркін» бөбекжайын жөндеуге қазынадан 147 млн теңге бөлінген. Мердігер компанияның жұмысшылары ғимараттың терезелері мен кәріз жүйесін жаңалап жатыр. Сондай-ақ, ауланың абаттандырылуы да жобаға енгізілген.

Нұрлан Бақтыбаев, «Бексарапшы» мердігер компаниясының жауапты маманы: «Күрделі жөндеу жұмыстарына маусым айының соңында кірістік. Десе де, өндіріс кестесінен алда келе жатырмыз. Мекемені тапсыру мерзімі қыркүйектің бірінші күні болса, біз одан ертеректе жұмысымызды аяқтаймыз деп сенемін. Өйткені, мұнда адам саны да, күші де жетерлік. Құрылыс материалдарының барлығын уақтылы жеткізіп, жұмысшылардың еңбегін күттірмейміз. Әзірге ішкі жөндеу жұмыстарының 80 пайызы орындалды.»

Шымкентте балабақшалар жөнделуде

Күрделі жөнделіп жатқан балабақшаның үшеуі қала қазынасынан қаржыландырып отыр. Жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сатып алу өтем дегенше уақытта зымырай шыққан. Тиісінше, құрылыс жұмыстары да кеш басталып отыр. Десе де, қаржының кешеуілдеуі мердігер компания құрылысшыларына кедергі бола алмайды. Айтуларынша, жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, балдырғандарға қуаныш сыйлауға дайын.

Гүлжан Байназарова