Стратегиялық маңызды нысандардың қауіпсіздігі – билік назарында

483
Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі – билік назарында. Осыған орай ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар теміржол вокзалы мен әуежайда болды.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Облыс әкімінің бірінші орынбасары алдымен теміржол вокзалының жұмысымен танысып, қауіпсіздік шараларын көрді. Соның барысында бейнебақылау камераларының талапқа сай еместігін айтып, арнайы бейне-бақылау орталығының жұмысын заман талабына сай етіп жандандыруды тапсырды.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында жолаушыларды тексеруден өткізетін станционарлық темір іздегіш құрылғыларды орнатуды, вокзалдың келбетіне кері әсерін тигізіп отырған ретсіз сауда дүңгіршектерін алып тастауды тапсырды.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Бұдан кейін Дархан Сатыбалды қаладағы халықаралық әуежайда болып, ондағы жаңадан ашылған күту залын аралап көрді. Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеңейтуді жүктеді.