Өрт сөндірушілер балабақшада оқу-жаттығу өткізді

1028
Өрт сөндірушілер балабақшада оқу-жаттығу өткізді

Балабақшадан шыққан өрт ауыздықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өткен оқу-жаттығуының сценариі бойынша мектепке дейінгі мекемені шарпыған тілсіз жаудан осындағы балалар мен үлкендерді құтқару негізгі міндет болатын.

Өрт сөндірушілер балабақшада оқу-жаттығу өткізді

Барлық тактика мен тәсілдер қолданылған жаттығу-жиыны жақсы ұйымдастырылды, деп бағаланды. 280 бүлдіршін тәрбиеленетін мектепке дейінгі білім ұясындағы шартты өрт 20 минутта сөндірілді.

Онға жуық техника мен 80 өрт сөндіруші қатысқан шарада зардап шеккендер болған жоқ. Жаттығуға балабақшаның таңдалуының өзіндік себебі бар, дейді мамандар.