Көп балалы ананың балдырғандары мектепке барады

258
Көп балалы ананың балдырғандары мектепке барады

Шымкентте бес баласымен далада қалған жалғызбасты ананың балдырғандары мектепке баратын болды. Гүлжаһан Байзақованың 4 баласы Достық шағынауданындағы №69 мектепте оқитын болды. Оларды қаланың жомарт жандары мектепке дайындап, көмек қолын созған.

Көп балалы ананың балдырғандары мектепке барады

Бүгінгі таңға дейін жомарт жандар тарпынан жиналған қаражатқа кепілде қалған құжаттары алынып, арнайы есеп-шот ашылды. Айта өтейік, осыдан бір апта бұрын Гүлжаһан Байзақованың қиын жағдайын көрсетіп, көпшілікті хабардар еткен болатынбыз.

Көп балалы ананың балдырғандары мектепке барады

Содан бері қайырымды жандар табылып, көп балалы ананың жағдайына бей-жай қарамады. Қазір күйеуі тастап кеткен әйел 1 бөлмелі жалдамалы баспанада тұрып жатыр. Десе де, көп болып жұмылғандар баспанамен қамтуды ойластырып отыр.