ОҚО әкімі мәслихат депутатын қабылдады

289
ОҚО әкімі мәслихат депутатын қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Жаңабай Ағабековті қабылдады. Кездесуде тараптар халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктен республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуды ұйымдастыру жұмыстары жөнінде әңгімелесті.

ОҚО әкімі мәслихат депутатын қабылдады

Халық қалаулысының айтуынша, күні ертең Шымкенттен тағы 25 отбасы теріскейге қоныс аудармақ. Олардың көшуіне үлес қосқан кәсіпкерге облыс әкімі алғысын білдіріп, ісіне сәттілік тіледі.

Еске салайық, депутат Ж.Ағабековтың бастамасымен биылғы мамыр айында Сарыағаш ауданының 48 тұрғыны Солтүстік Қазақстанға іс-сапарпен барып қайтты. Соның нәтижесінде 30 отбасы аталған облысқа қоныс аударған болатын. Солтүстіктегі Ш.Уәлиханов және Ақжар аудандарына көшкен жанұялар баспанамен және ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етілді дейді ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Елбасының еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бойынша берген тапсырмасын орындау аясында осы жылы Солтүстік Қазақстан облысына 70 отбасы қоныс аударды. Бүгінгі таңда аталған отбасылардың «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көшу шығындарын субсидиялау үшін тиісті шаралар қабылдануда.