Шымкенттіктер бес балалы анаға көмектесуде

353

Шымкентте бес баласымен көшеде қалєан анаға көмек қолын созушылар табылуда. Редакциямыздың тілшісі жанұяға уақытша баспана тауып берді. Ал үйдің екі айға төлемін жомарт жандар мойнына алды.

мать 1

Осы арада Гүлжаһан Байзақованың балалары бұған дейін Шұбарсу ауылындағы мектепте оқығаны белгілі болды. Ордабасы ауданы әкімдігінің өкілдері көп балалы келіншектің екі баласына мектеп формасын алып берді. Әәі оларды қалалық мектепке ауыстыруда жәрдемдесуге уәде етті.

Жалғызбасты ана қазір Достықтағы шағын үйді жалға алып тұруда. Яғни, баспана мәселесі толық шешілген жоқ. Ана алдағы уақытта қайырымды жандар мен кәсіпкерлер қол ұшын созады деген сенімде.

Ең бастысы, балалары мектепке баруы қажет. Бұл отбасының жағдайы арна тілшісінің назарында болады. Яғни, күнделікті келіп жатқан көмек жайлы ақпаратты жеткізіп тұрамыз. Ендеше, сіз де қайырымдылық көрсетуден тыс қалмаңыз, ағайын.

Қайырымды жандар табылып жатса, +7-775-393-84-07, +7-771-337-13-97 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұранамыз.

Халық банкіндегі есеп-шоты: KZ 166016893000001386