Жолдың сапасы – билік назарында

221
Жолдың сапасы – билік назарында

Облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласында салынып жатқан бірқатар көшемен танысты. Жыл басында облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланың орталық көшелерін кеңейту жұмыстары басталған болатын.

Жолдың сапасы – билік назарында

Осы аталған тапсырманың орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан және Д.Қонаев даңғылдары бойындағы жолдарды жөндеу барысын аралап көрді. Қазіргі таңда қаланың орталық көлік қозғалысындағы маңызды бағыт Тәуке хан даңғылы бойындағы жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаңартылуда.

Жолдың сапасы – билік назарында

Күрделі жөндеу биылғы қараша айына дейін жалғасын таппақ. Құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материялдардың 95 пайызы – отандық құрылыс өнімдері.

Жолдың сапасы – билік назарында

Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысан жөнделіп, 520 шақырым жол мен жолаяқ, 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153 шақырымы күрделі және 148 шақырымы орташа жөнделсе, 72,3 шақырымы қайта құрылып, елдімекендердегі 146 шақырым жол орташа жөнделеді.