Шымкентте жаңа электр желілері тартылуда*

647
Шымкентте жаңа электр желілері тартылуда*

Шымкенттің Қаратау ауданында орналасқан қолданыстағы Теріскей және Нұрсәт қосалқы станцияларын байланыстыратын 110 кВ екі жер асты желісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі жақын. Сонымен қатар Сайрам ауданындағы Советская қосалқы станциясы кеңейтілуде. Жаңа құрылғылар Қаратау және Сайрам аудандарының бірқатар аумағындағы ауыртпалықты азайтып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. Бұл ауқымды шара «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Шымкентте жаңа электр желілері тартылуда*

Қаланың қарқынды өркендеуіне байланысты шаһардың солтүстік бөлігінің аумағы аса кеңейіп барады. Оның негізгі орталығы әкімшілік іскерлік орталық болып саналады. Тұрғын аумақтың көлемі 1 млн 225 мың шаршы метрі құрап, онда 38 мыңнан астам халық қоныстанып үлгерді. Осыншама қалың қауымды сапалы электр қуатымен қамту үшін 40 мВоль амперлық екі алып трансформаторы бар Нұрсәт және Теріскей қосалқы станцияларын байланыстыратын 110 кВ-тық екі кабель желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Ол іскерлік орталықтағы облыстық әкімдіктен бастап, барлық әлеуметтік нысандарды және Нұрсәт, Нұртас, Қайтпас елдімекендерін қуатпен қамтамасыз етеді.

Шымкентте жаңа электр желілері тартылуда*

Енді Сайрам ауданын электр энергиясымен камту сапасын жақсарту үшін Советская қосалқы станциясын кеңейту жұмыстары жуырда жүзеге асады. Мұнда қуаттылығы 16 мың кВА трансформатор құрылысы аяқталуға жақын. Аталған ауқымды жоба пайдалануға берілсе, Ақсукент, Манкент және Қарабұлақ сияқты халық тығыз орналасқан елдімекендер еш қиындықсыз сапалы қуатпен қамтылады.

Жуырда пайдалануға берілетін бұл алып құрылғылар бекітілген елдімекендерге жеткізілетін электр энергиясының сапасын жақсартып, жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек техникалық ысырапты да төмендетеді. Қосалқы станциялар алдағы қараша айында толығымен ел игілігіне берілмек.

Мақсат Жақсыбаев