«Оңтүстік туризм – 2016» халықаралық форумы басталды

323
«Оңтүстік туризм - 2016» форумы басталды

Шымкентте «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы өз жұмысын бастады. Халықаралық деңгейдегі іс-шараға Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы елшілері мен консулдары, шетелдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен 10-ға жуық шетелдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысуда.

«Оңтүстік туризм - 2016» форумы басталды

Қазақстандағы туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан аумағын Ұлы Жібек жолының «жүрегі» ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізіліп жатқан екі күндік шарада бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылады.

«Оңтүстік туризм - 2016» форумы басталды

Форум аясында Сарыағаш жаңа шипажай қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 7 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

«Оңтүстік туризм - 2016» форумы басталды

Шара аясында бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылатын болады. Форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қонақтар қатысуда.

«Оңтүстік туризм - 2016» форумы басталды