Оңтүстікте «Браконьер» рейді өтті

220
Оңтүстікте «Браконьер» рейді өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында 19-28 қыркүйек аралығында экологиялық қылмыс пен құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Оңтүстікте «Браконьер» рейді өтті

Рейдті тиісті деңгейде ұйымдастырып, өткізу мақсатында барлық мүдделі орган өкілдерінен тұратын 53 ұтқыр топ құрылды. Оның ішінде басқа табиғатты қорғау органдарымен бірлескен топтар саны – 28. Жұмылдырылған жеке құрам саны – 335 және табиғатты қорғау органдарының қызметкерлерінің саны – 37.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 8 экологиялық қылмыс пен 121 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл фактілер бойынша жалпы сомасы 429 499 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.