//
Шымкенттегі дельфинарийге қатысты жаңа мәліметтер Оқыс оқиға 

Шымкенттегі дельфинарийге қатысты жаңа мәліметтер

Шымкенттегі дельфинарийдің жануарлары зардап шеккен жоқ. Дельфинарий иелері осылай деп отыр. Олар кешелі бері әлеуметтік желіде пайда болған суретке қатысты түсінік берді.

Шымкенттегі дельфинарийге қатысты жаңа мәліметтер

“Дельфин-шоудың” директоры Артур Беляков металл құрылымның төбесі опырылып түскені жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды дейді. Ол жануарлар осыдан біраз уақыт бұрын арнайы көлікпен басқа қалаға әкетілді дейді. Ал металл құрылымды бұзуды және жануарларды алып кетуді жеңілдету үшін төбедегі ауаны шығардық деп отыр.

Еске салайық, Шымкентке гастрольмен келген мәскеулік дельфинарий жоспарлаған турын ерте аяқтауға мәжбүр. Дельфинарийдің әкімшілігі уақытынан бұрын шоу бағдарламаларын аяқтап, қайтуға шешім қабылдапты. Себебі, бағдарлама пайда әкелмепті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz