Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

314
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

Шымкентте тәуелсіздіктің мерейтойына орай «Жұлдызды күндер» жалғасын табуда. 26 қараша – азаматтық қоғам күні идеясымен белгіленген. Бұл күні Шымкент қаласының әкімдігіне үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жастар ұйымдарының өкілдері жиналды.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

Басқосуда қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен «Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Қоғамдық ұйым белсенділері елдегі демократия  процестерінде азаматтық қоғамның белсенділігін дамытудың маңыздылығы және қоғамдық институттарды нығайту мен қолдау шаралары туралы талқыланды.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

Іс-шара барысында тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосқан 25 белсенді үкіметтік ұйым төрағалары қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатты табыстаған қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Шымкент қаласында 400-ге жуық үкіметтік емес ұйымның жұмыс атқаратынын, қоғамдық ұйымдар қаладағы әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

Диалог барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы ұсыныс-пікірлер айтылды.