Оңтүстікке Қырғызстаннан делегация келді

190
Оңтүстікке Қырғызстаннан делегация келді

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Қырғызстаннан келген делегацияны қабылдады. Делегация өкілдерін Қырғыз елінің Алматы қаласындағы бас консулы Алиясбек Алымқұлов бастап келді.

Оңтүстікке Қырғызстаннан делегация келді

Қос тарап кездесу барысында өңірдің мүмкіндіктерін талқылап, өнеркәсіп, ауыл шарушылығы саласындағы жетістіктерді бағамдады. Осыған дейін сауда-экономика саласында әріптестік жасасып келе жатқан қос ел өкілдері алдағы уақытта мәдени байланыстарды нығайта түспек.

Шетелдік делегаттар өңірдегі бірқатар зауыт-фабрикаларда болды. «Бал текстиль», «Әлем БТ» кәсіпорындарында болған қонақтар өңірдің жеңіл өнеркәсіп бағытындағы жетістіктеріне қызығушылық білдіріп отыр.