Шымкентте жиһаз көрмесі басталды

359
Шымкентте жиһаз көрмесі басталды

Осы сағаттарда Шымкентте жиһаз және тұрмысқа қажетті бұйымдар көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараны облыстық жиһаз және ағаш өңдеу өндірісі кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырған.

Шымкентте жиһаз көрмесі басталды

Екі күнге созылатын көрмеге 30-ға жуық компания қатысуға өтініш білдірген. Арасында Алматыдан келген 5 серіктестік бар. Қалған 25-і – Шымкенттен. Статистика бойынша, қазақстандық шеберлер жатын бөлме, асхана мен балалар бөлмене, кеңсеге қажетті жиһаз, бұйымдарға деген сұраныстың тек 26 пайызын ғана қамтиды екен.

Сондықтан бұл салада жұмыс істеймін деген азаматтарға мүмкіндік мол дейді жауаптылар. Ал бүгінгі көрмеге келгендер ұлттық нақышта жасалған бұйымдарға  қызығушылық танытты.