Кентауда жаңа кәсіпорын іске қосылды

374
Кентауда жаңа кәсіпорын іске қосылды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында жаңа өндірістік кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жаңа жобаның лентасын Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлы, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Қожабаев Сейдулла қиып, кәсіпорынның қызметкерлерін тәуелсіздік мемрекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кентауда жаңа кәсіпорын іске қосылды

«Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Электро-деталь» ЖШС-нің 0.4.6.10.35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электр  техникалық қондырғылар шығару жобасы индустриаландыру картасына енген.

Кентау әкімдігінің шешімімен қалада жалпы алаңы 25 га жерде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда мұнда 5 жоба ашылып, 1 млрд 998,5 млн теңге инвестиция тартылуда. 4,3 га жерге инфрақұрылым тартылды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 млрд 420 млн теңгеге инфрақұрылым жүргізілді.

Кентауда жаңа кәсіпорын іске қосылды

Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Ол үшін индустриялды аймақтан 1,6 га жер телімі бөлінді.

Аталған кәсіпорында Европаның Австрия, Германия, Италия, Түркия елдерінде шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станоктары, магнитті сымдары тегістеу үстелі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда.

«Электро-деталь» кәсіпорны жылына 1400 дана шкафты бұйым мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарын шығаруды жоспарлап отыр.