Шымкентте биыл да балаларға қайырымдылық жасалады

265
Биыл да Шымкенттебалаларға қайырымдылық жасалады

Биыл да Шымкентте жаңа жыл қарсаңында балаларға қайырымдылық жасалады. Шымкент қаласы бойынша биыл жаңа жылдық безендіруге 34 миллион теңге қаралған болатын.

Биыл да Шымкенттебалаларға қайырымдылық жасалады

Дегенмен, жергілікті басшылар ол қаржыны әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары үшін аударатын болып шешіпті. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осылайша әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасының 804 баласы жаңа жыл мерекесі алдында сыйлық алады. Оның көлемі 20 айлық-есептік көрсеткіш, яғни, 42 мың теңгеге тең.

Ал жаңа жылдық безендіру жұмыстары демеушілердің көмегімен іске асырылатын болады. Қазіргі таңда Әл Фараби атындығы орталық алаңға биіктігі 18 метр шырша орнатылып жатыр.

Нұрлан Жаңабай