Шымкенттің оқушыларын тегін автобус тасымалдайды

491
Шымкенттің оқушыларын тегін автобус тасымалдайды

Шымкенттік оқушылар мен ата-аналар үшін қуанышты жаңалық. Жаяу-жалпы жүретін оқушылардың және олар мектептен келгенше сары уайымға салынатын ата-аналарының тілегі орындалды. Бүгін Шымшаһарға 3 мың оқушыны тегін тасымалдайтын автобустар әкелінді. Су жаңа 19 көліктің кілтін мектеп директорларына облыс әкімінің өз табыстап, нақты талаптар мен тапсырмалар берді.

Шымкенттің оқушыларын тегін автобус тасымалдайды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 10 мектепке оқушы тасымалдау үшін 19 жаңа автобус берілді. Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына табыстаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Шымкенттің оқушыларын тегін автобус тасымалдайды

– Қымбатты оқушылар, бұл көлік сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыңыз үшін беріліп отыр, – деді аймақ басшысы. – Сондай-ақ, автобус оқушылардың тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасының болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыңға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады.

Шымкенттің оқушыларын тегін автобус тасымалдайды

Бұған дейін оқушыларды келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлердің «Абад ЮГ» және «Төлеби автобус паркі» ЖШС тасымалдап келген болатын. Енді жаңа автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.