Құтқарушылар: «Жұмыс кезінде бейнекамераға түсіруге уақыт бола бермейді»

336
Құтқарушылар:

Қираған үйдің астынан бесіктегі сәбиді құтқаруға байланысты жаңа мәлімет пайда болды. Тілшілер әскери қызметкер мен жедел жәрдем дәрігерлері сәбиді алып шыққан уақытта құтқарушылар қайда болды деген сұраққа жауап іздеген болатын.

Құтқарушылар: "Жұмыс кезінде бейнекамераға түсіруге уақыт бола бермейді"

«Шымкент келбеті» және «Паномара Шымкента» газеттерінің редакциясы өткізген дөңгелек үстелде тілшілердің сауалына жауап берген төтенше жағдай департаментінің мамандары адам құтқарып жүргенде бейнекамераға түсіруге уақыт бола бермейді деп жауап қатты.

Құтқарушылар бұған қоса үй иесінің көмекке құлықсыз екенін айтты. Ғалымжан Дүйсенбаевтың айтуынша, сол күні үй иесі шағын үйде тұрып жатқан адамдардың нақты санын айтудан бастап тартқан. Ал бұл, өз кезегінде, құтқару жұмыстарына кедергі келтіріпті.